«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 81 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы № 20536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы жүзеге асырады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: